"БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА" VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы

"БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА"   VII   аудандық кәсіптік бағдар беру форумы

«БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы

Қарқаралы қаласының Ш.Жандарбекова атындағы мәдениет орталығында «БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАМА» VII аудандық кәсіптік бағдар беру форумы өтті.

Шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру.

Форумға 4 жоғары оқу орны мен 4 колледж қатысты. Атап айтқанда:
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Болашақ» академиясы, сондай-ақ Қарқаралы қаласының М. Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжі, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі және Қарағанды теміржол колледжі.

Форумға ауданның білім беру ұйымдарынан 9–11 сынып оқушылары, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.