К сведению жителей!

К сведению жителей!

Қарқаралы ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалалар бөлімі» ММ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне кірістерді есепке алмай, жылына 1 рет 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдендірілген сомасынан аспайтын (2025 жылға кепілдендірілген сома 305 375 тг.) жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған.

Санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (ИПАР) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.

Қосымша ақпаратты «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалалар бөлімі» ММ ала аласыздар. Мекенжай: Қарқаралы қаласы, Т.Әубәкіров көшесі, 14 үй, тел.: 32-8 -99.