Қарқаралы ауданы прокурорының тұрғындармен кездесу өткізді

Қарқаралы ауданы прокурорының тұрғындармен кездесу өткізді

25.07.2024 жылы, Қарағайлы кентіне, жұмыс іссапарымен Қарқаралы ауданы прокурорының м.а. Е.Мейрамов келіп, жергілікті тұрғындармен және Қарағайлы байыту фабрикасының жұмыскерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген кент ішіне тартылып жатқан су, кәріз жүйесі, жол мәселесі, көше жарығы, ЖББ 16 орта мектептің жөндеу жұмыстары, иесіз қалған бұзылған ғимараттардың жағдайы және жаңадан салынып жатқан дене шынықтыру кешенінің құрылысы талқыға алынды.