Бүгін аудан әкімінің м.а. Д.Омаров, Қарқаралы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Х.Таласбаев, Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.З. Омаров, Ақтерек елді мекенінің жолдарын күтіп ұстау мердігері Д.Искаков және Қарағайлы кенті әкімі М.З. Акимбаев Ақтерек елді мекеніне жұмыс ісспарымен барып, бірқатар мәселелерді бақылауға алды. Атап айтқанда, Ақтерек елді мекеніне апаратын 8 шқ жолдарды күтіп ұстау, қысқы уақытта ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазалау, су мәселесі, интернет желісі және футбол алаңын салу мәселелері жергілікті тұрғындардың қатысуымен талқыланып, тиісті жауапты мекемелерге осы мәселерді бақылауға алып, тиісінше орындалуы тапсырылды.