Қарағайлы кентіне жұмыс сапарымен Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Омаров Д.Т. келіп, кент бойынша жасалып жатқан жұмыстардың ретімен танысты. Бірінші ретте жасалып жатқан ауықымды жобалардың бірі тартылып жатқан кәріз жүйесімен танысып, орын алған кемшіліктерді ретке келтіру тапсырылды. Екінші нысан, су жүйесі, су ұнғымасы жобасының орындалуы бақылауға алынды. Үшінші ірі жобалардың бірі салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенің құрылысын қадағалап, анықталған кемшіліктер айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Бұдан бөлек жергілікті қауымдастық мүшелерімен бірлесіп кент іші жолдарының жағдайы талқыланып, өзге де мәселелер назарға алынды.