
12 сәуірден бастап Егіндібұлақ ауылдық округта екі айлық санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары басталды.
Сенбілікке ауылдық округ әкімшілігінің мамандары мен барлық мекеме қызметкерлері шықты. Тырма мен сыпырғыштармен қаруланған олар көктемгі сенбіліктердің ежелден келе жатқан дәстүрін жалғастырып, жапырақтар мен қоқыстарды тазартты. Тазалау, қоқыстарды және былтырғы жапырақтарды шығару - бұл көктем күндерініндегі біздің міндетіміз.
Ауыл әкімдігі алдағы уақытта да сенбіліктерді өткізуді жоспарлап, қоғамдық орындарды ретке келтіруге ерекше көңіл бөлуде. Ауылдық округ әкімшілігі барша тұрғындарды жылы, шуақты күндер келгенде аула аумақтарын тазалауды сұрайды.
Біздің ортақ міндетіміз – ауылымызға тазалық пен тәртіп орнату.
Баршаңызды туған ауылыңызды абаттандыруға белсене атсалысуға шақырамыз.