АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ  КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

.Бүгін аудандық ардагерлер ұйымының ХІІІ конференциясы өтті. Конференцияға аудан басшылары, ауылдық округ әкімдері, округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары, дербес бөлім басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ойрат Жүкібаев аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2021-2025 жылдарда атқарған жұмысы бойынша есепті баяндама жасады. Баяндама бойынша бірқатар ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдарының төрағалары жарыссөзге қатысып, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, бірінші ұйымдастыру пленумы өтіп, Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Темірғалиев Несіпхан Жақанұлы бір ауыздан сайланды. Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ағыбайұлы ұзақ жыл аудандық ардагерлер ұйымын басқарған мемлекеттік қызмет ардагері Ойрат Ыбырайымханұлына көпшілік қауым алдында қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіріп,сый-құрмет көрсетті. Пленумда өзге де ұйымдастыру жұмыстары қаралып, тиісті қаулылар алынды.Сегодня состоялась XIII конференция районной организации ветеранов. В конференции приняли участие руководство района, акимы сельских округов, председатели ветеранских организаций округов, руководители самостоятельных отделов и представители общественных организаций. На заседании председатель районного совета ветеранов Ойрат Жукибаев выступил с отчетным докладом о работе районной организации ветеранов за 2021–2025 годы. По докладу ряд председателей ветеранских организаций сельских округов приняли участие в прениях и высказали свои мнения. Также состоялся первый организационный пленум, на котором новым председателем районного совета ветеранов единогласно избран Темиргалиев Несипхан Жаканович. Заместитель акима района Нуржан Агыбайулы выразил благодарность ветерану государственной службы Ойрату Ыбырайымхановичу, который на протяжении многих лет возглавлял районную организацию ветеранов, и оказал ему почести за многолетний добросовестный труд. В ходе пленума были рассмотрены и другие организационные вопросы, приняты соответствующие постановления.