
Достық пен бірлік мекені
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Бақты ауылының №21 жалпы білім беретін мектебінде мазмұнды әрі әсерлі мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың бойында достық, бірлік, татулық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Концерт барысында мектеп оқушылары ән шырқап, би билеп, әртүрлі ұлттардың салт-дәстүрін дәріптейтін көріністер қойды.
Мерекелік кешке жиналған ұстаздар мен ата-аналар оқушылардың өнеріне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізіп, қоғамдағы достық пен өзара түсіністікті нығайта түседі.