
Қарқаралы ауданы әкімінің 2026 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және аудан халқы мен аумағын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қасым Аманжолов ауылдық округінің әкімі Елдар Жұмажан мекеме басшыларымен, сондай-ақ «Қазақтелеком», «КРЭК» мекемелері мен «Қазгидромет» қызметкерінің қатысуымен арнайы жиын өткізді.
Жиын барысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері жан-жақты талқыланып, әр мекемеге нақты міндеттер жүктелді. Тиісті қызметтерге алдын алу шараларын күшейту, қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу тапсырылды.