2026 жылы 1 наурызда Қ Аманжолов ауылдық округі әкімін сайлауы өтті

2026 жылы 1 наурызда  Қ Аманжолов ауылдық округі әкімін сайлауы өтті

2026 жылғы 1 наурызда өткен Қ Аманжолов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы бойынша Жұмажан Елдар Кұмарұлы басым дауыспен сайланды.

Осыған байланысты, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сләмиден Нүркенов жаңадан сайланған әкімді ұжымына ресми түрде таныстырып, жаңа лауазымдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Елдар Құмарұлы 1996 жылдың 22 желтоқсанында Қарқаралы ауданы Қасым ауылында туған. 2003-2014 жылдар аралығында Талды ауылындағы №19 орта мектебін тәмамдаған. 2014-2018 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің экономика факультетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. 2018-2020 жылдары Қарағанды қаласы "Қарағанды экономикалық университетінде" экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 2019 жылы Қасым Аманжолов ауылдық округі әкімі аппаратының маманы болып бастаған. Одан кейін аталған мекемеде жетекші маман, бас маман болып қызмет етті.