
ҚАСЫМ АУЫЛЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ!
❄️🤼🏆🥋 ҚАРҚАРАЛЫ ауданы, ҚАСЫМ ауылында 2011-2014 жылғы жасөспірімдер арасында ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН аудандық біріншілік өтті.
❄️🤼🏆🥋 Іс-шараның мақсаты: ҚАЗАҚ КҮРЕСІН насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беру, жастарды спортқа баулу болып табылады.
❄️🤼🏆🥋 Жарысқа аудан көлемінен 50 ден аса бала қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша орын алған спортшылар ҚАРҚАРАЛЫ ауданының спорт бөлімінің медаль, грамоталарымен марапатталды.
❄️🤼🏆🥋Ұлттық спортты дамыту арқылы, жасөспірімдердің ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕ деген қызығушылықтары артып, төл спортқа қатысушы жандардың қатары көбейгені қуантады.