
22-наурыз Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл кеш ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, халқымыздың салт-дәстүрін кеңінен насихаттауға арналды.
Концерт барысында сахна төрінде әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалды. Би топтары ұлттық нақыштағы билерін билеп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады