Отбасы күні аясында Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесі «Ана үйіне» барды

Отбасы күні аясында Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесі «Ана үйіне» барды

 

ҚХА  өңірлік Аналар кеңесінің мүшелері өмірлік қиын жағдайға тап болған жас аналарды мерекемен құттықтап, қолдау мен ізгі тілектерін білдірді, сондай-ақ аналар мен олардың нәрестелеріне күнделікті өмірде қажет тауарларды табыс етті.

Мұндай іс-шаралар аналардың қоғамдағы рөлін арттыруға, олардың өмірлік жағдайларына бейжай қарамауға және көмек көрсетуге бағытталған.

Іс-шара соңында «Ана үйінде» тұрып жатқан әйелдер алғыстарын білдіріп, мұндай қамқорлықтың олардың өмірінде ерекше маңызы бар екенін атап өтті.