Қарағандыдағы Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 160 тоннадан астам өнім ұсынылды

Қарағандыдағы Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 160 тоннадан астам өнім ұсынылды

Бүгін 10 мамырда Қарағанды қаласының "Global city" СОО аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде Түркістан облысының шаруашылықтары мен облыстың 7 ауылдық ауданның 50-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушілері және қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін орташа нарықтық құнынан 10-15% төмен бағамен сатып жатыр.

Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 163 тонна ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде: 60 тонна ет, 50 тонна картоп, 20 тоннадан астам қырыққабат, 16 тонна сүт өнімі, 7 тонна балық және балық өнімі, 150 мың дана тауық жұмыртқасы және 30,0 тонна өзге де өнімді жеткізілді.