Әскери парад эфирде — бірге қарсы алудамыз
Бүгін сағат 10:40-та Қарағанды қаласының Орталық саябағында Астанада өтетін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадтың тікелей көрсетілімі басталады. Іс-шараға әр түрлі жастағы қала тұрғындары – ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Саябақ патриотизмге, алғыс пен салтанатқа толы атмосфераға бөленді. Халық батырлар рухына тағзым етіп, елге деген мақтаныштарын білдіру үшін жиналды.