«Saryarqa» телеарнасының «Сәлем, Қарағанды!» таңертеңгілік бағдарламасы шығарылымын Отан қорғаушылар күніне арнады.
6 мамырда телеарна эфирінде «Сәлем, Қарағанды!» бағдарламасының Отан қорғаушылар күніне орайластырылған арнайы шығарылымы шықты. Бұл мереке дәстүр бойынша ерлік, ел тыныштығы мен қауіпсіздігінің күзетінде тұрған баршаға құрмет пен алғыс айту күні ретінде атап өтіледі.
Бағдарлама аясында көрермендер Қарулы Күштердің өкілдері мен өңірдің белсенді жастарының сұхбаттарын көрді, ал Қарағанды республикалық Жас ұлан мектебінің тәрбиеленушілері патриоттық әндерді орындады.
Бағдарламаға сілтеме
https://www.facebook.com/share/1EZLywpoQi/?mibextid=wwXIfr
https://youtube.com/@saryarqatv6095?si=dKH2yQcCvzPtwl11