Арқа жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бірлік арқылы жеңіске» Қарағандыдағы «Достық» үйінде атап өтті.

         Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі ұйымдастырған шараға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғам институттары, ғалымдар, сарапшылар, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтары туралы түсінікті қалыптастыру, ақсақалдардың даналығы мен тағылымы арқылы қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту мақсатын көздеді.

         Тақырыптық күн аясында «Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде» атты дәріс өтті. Дәрісті ақсақалдар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар жүргізіп, олар бейбітшілік, бірлік және этносаралық келісім мәселелері бойынша баяндамалар мен талдамалық материалдарды ұсынды. Дәріс барысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, бағыттары мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этностар бірлігін нығайтудағы 30 жылдық рөлі, сондай-ақ қазақстандық қоғам үшін «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының маңызы да түсіндірілді. Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мәдениетінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи алғышарттарға, ұлттық мәдениеттер мен тілдерді сақтау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік шараларға және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық қызметінің нәтижелері мен оның этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесіне айрықша назар аударылды.

         Талқылаудың маңызды бөлігі – елдегі бірлікті сақтаудағы жастар бастамалары мен қоғамдық жобалардың ықпалы жайлы болды. Дәріс барысы интерактивті пікірталас, сұрақ-жауап сессиясы және этносаралық келісімді нығайтудағы табысты тәжірибелерді талқылаумен толықтырылды.