Қарағандыда «Туған жерім менің - Қазақстаным!» облыстық патриоттық форумы өтті

Қарағандыда «Туған жерім менің - Қазақстаным!» облыстық патриоттық форумы өтті

2023 жылғы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні Ту тұғыры алдындағы алаңда «Туған жерім менің - Қазақстаным!» облыстық патриоттық форумы өткізілді.

Форум Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындаудан басталды.

Мереке кезінде облыс әкімінің орынбасары Е.Ш. Әліқұлов облыс әкімінің атынан өз кәсібінде ерекше жетістіктерге жеткен, белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткен және азаматтардың, әсіресе жастардың патриоттық сезімдерін дамытуға үлес қосқан  тұрғындарға алғыс хаттар табыс етті.

Патриоттық форум концерттік бағдарламамен жалғасты. Халық және хореографиялық ұжымдардың қатысушылары би композицияларымен өнерлерін көрсетті.

Форум аясында мерекелік авто, мото және велошеру өтті. Велошеруге қатысушылар Ту тұғыры алаңынан бастау алып, Тәуелсіздік стеласына қарай бет алды.

Осындай іс-шаралар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.