Қарағанды облыстық "SARYARQA"телеарнасы 65 - жылдығын атап өтті

Қарағанды облыстық "SARYARQA"телеарнасы  65 - жылдығын атап өтті

1958 жылы 31 тамызда Қазақ телевизиясының Қарағанды филиалының студиясынан телебағдарламаның алғашқы шығарылымы жарық көрді.

 Телеарнаның бастауында Рахимова Галина Сағындыққызы, Жоров Владимир Васильевич, Ахметова Майра, Жабаева Рабиға Жабайқызы, Привалова Майя Ереферьевна сияқты танымал журналистер, дикторлар, редакторлар мен режиссерлер болды. 

Телеарнаның хабар тарату саясатының маңызды бағыттары – ақпараттық, ағартушылық, ойын-сауық. Ақпаратты беруде салмақтылық пен объективтілік басым болды.

Мерекелік іс – шаралар аясында ағымдағы жылғы 26 мамырда телеарна эфирінде "Телевизия - менің тағдырым" атты шығармашылық кеш өтті, оған ардагерлер мен телеарна қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада "Қазақстан "РТРК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркін Мұхамеджанов, ішкі саясат басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан құрметті қонақтар болды

Кездесу барысында Нұрлан Бикенов облыс әкімінің телеарнаны мерейтоймен  құттықтау хатын және алғыс хаттарын табыс етті.