Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі азаматтық қоғам институттары мен үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығын дамыту болып табылады. Негізгі векторларды одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 7 қазанында «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы "Қауымдастығы» ЗТБ Қарағанды қаласының әкімдігімен бірлесіп «Азаматтық қоғам институттары және олардың жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға ҮЕҰ, этномәдени және діни бірлестіктердің, Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының қоғамдық кеңестерінің, Қазақстан Халықтық партиясының, қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттарының, мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми қайраткерлердің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Кәсіподақтардың жаңа Қазақстанды құрудағы рөлі;
- жаңа Қазақстанды құрудағы кезектен тыс сайлаудың рөлі;
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру;
- ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының құқықтық аспектілері;
- аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің негізгі бағыттары;
- зияткерлік азаматтық қоғамның озық құқықтық мемлекеттің дамуындағы рөлі;
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы этномәдени бірлестіктердің әлеуеті;
- шешім қабылдау процесіне жастардың қатысуы;
- жаңа Қазақстанның дамуындағы медиацияның рөлі;
– конфессияаралық диалог-демократиялық қоғам құрудың негізі ретінде;
- жастарды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тарту, жастар, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
- Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы жастар көзімен.