Елорда күніне орай, Қарағанды қаласында Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Ел жүрегі – Елорда» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Елорда күніне орай, Қарағанды қаласында Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында «Ел жүрегі – Елорда» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

     

        Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 6 шілде күні Астана күніне орай, Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында  «Ел жүрегі – Елорда» тақырыбында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

       Аталған марафон арнайы телевизиялық репортаж ретінде түсірілді. «Игі істер» марафоны аясында «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығы ұсынған бес көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға Астана күніне орай, балалары қалаған түрлі сыйлықтар мен тәттілер салынған себеттер табыс етілді.