Қарағандылық тұтынушыларды өз құқықтарын қорғауға шақырады

Қарағандылық тұтынушыларды өз құқықтарын қорғауға шақырады

Қарағанды облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өз құқықтарын білуге және олар үшін күресуге шақырады. Он бесінші наурыз күні мерекелік күндер күнтізбесінде Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтары күні атап өтілді.

Биыл мерекенің тақырыбы ерекше – «Ұтымды тұтынушы». Ең бастысы – әділ сауданы дамыту және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру көзделуде.

Статистика бойынша, Қарағанды облысының ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарының 27,5%-ы тұтынушы ретінде өз құқықтарының бұзылуына тап болған. Сауалнамаға қатысқан әрбір үшінші адам «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның бар екенін білмейді.

Бүгінгі күні департамент алдында күрделі міндет тұр – әрбір тұтынушының сауаттылығын арттыру. Бұл азаматтарды олардың құқықтарын мемлекеттік және қоғамдық қорғаудың маңызды тетіктері туралы хабардар етуді білдіреді.

Департамент қызметкерлері өтініштерге көп көңіл бөледі. Аймақ тұрғындары egov.kz электронды үкіметі, kzpp_bot  телеграм-бот, (8-7212) 42-52-11жедел желісі арқылы шағымдана алады, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының немесе маманның жеке қабылдауына келуге болады.

Өткен жылы 1 715 өтініш қаралды. Тұтынушыларға 9 300 000 теңге қайтарылды.

Шағымдардың негізгі бағыттары – бөлшек және электрондық сауда, туристік және тұрмыстық қызметтер (жиһаз, пластикалық терезелер). Өтініштердің әрқайсысы қаралады және мәселелер толығымен шешледі.

Мысалы, өткен жылы Қарағандыдағы фитнес-орталықтардың бірі жабылған болатын. Көптеген тұрғындар қызмет көрсетуге жылдық абонементтер сатып алған. Департаменттің компания басшыларымен келіссөздері барысында ақшалай қаражат тұтынушыларға қайтарылды.

Сонымен қатар осылайша, Instagram мониторингі барысында қоқыс шығару тарифі негізсіз жоғары екені анықталды. Департамент пен "Қазақстан" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының араласуынан кейін ғана монополистке қызметтер құнын арттырудан бас тартылды.

Тұтынушылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық бірлестіктерімен және медицина университетімен бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Департамент қызметкерлері аймақ тұрғындары сауатты тұтынушылар болады және тек ұтымды сатып алулар жасайды деп үміттенеді.

- Департаменттің атынан қарағандылықтарды сауатты тұтынушылар болуға, ұзақ уақыт қызмет ететін ұтымды сатып алулар жасауға шақырамын. Тауарды немесе қызметті сатып алудан бұрын шарттарды, сипаттамалар мен қасиеттерді мұқият зерделеу қажет, - дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы Әсел Сахариева.

Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды қаласы, Костенко көшесі, 6. Телефоны (8-7212) 42-52-11.