Қарағанды музыкалық комедия театрының әртістері оқушыларды онлайн-кездесулерге шақырады

Қарағанды музыкалық комедия театрының әртістері оқушыларды онлайн-кездесулерге шақырады

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры пандемияға байланысты амалсыздан жұмысын тоқтату кезінде «Әртістің портреті» атты жаңа айдарды іске қосты. Zoom бағдарламасы арқылы Қарағанды облысының оқушылары театр өмірі мен актер мамандығымен қашықтықтан таныса алады.

Театр ұжымы осындай үш кездесу өткізді. Олардың біріншісіне №81 мектептің балалары және театрдың вокалисі Александр Бойко қатысты. Шахтинск қаласының №3 мектеп оқушыларының театрмен танысуы вокалист Елена Федорованың арқасында жүзеге асты. Кеше Қасым Аманжолов атындағы музыка мектебінің тәрбиеленушілері оркестр аспапшысы Татьяна Беккермен және вокалист Галина Кожушкинамен тілдесті.

Бұл кездесулерде әңгіме не туралы өрбиді? Онлайн жүздесуде барлық тақырыптар қозғалады десек те болады. Әртістер өздерінің мамандық таңдауы, өмірлік бағдарлары, шығармашылық мансабы туралы әңгімелейді. Өнер ғибадатханасының күнделікті өмірі мен мерекелері, кітаптар мен музыка туралы сөз қозғалады. Болашақ өмірін театрмен байланыстырғысы келетіндерге кеңес беріледі.

- Мұндай қарым-қатынас бір жақсы мақсатты көздейді – балаларды театр сахнасының кейіпкерлерімен жақынырақ таныстыру, сондай-ақ жас көрерменнің қойылымдар туралы пікірін білу. Бұл өзара тиімді шара. Көрермен әртістеріміз туралы көптеген қызықты мағлұмат алады, ал олар өз кезегінде кері байланыс алады, - деп атап өтті музомедия театрының жетекшісі Амантай Ыбраев.

Егер сіз айдарға қосылғыңыз келсе, театрға қоңырау шалуыңыз керек. Сіз кіммен кездескіңіз келетінін, суретшінің атын нақтылап айтасыз және кездесуге қай сынып қатысатынын біле аласыз. Өтінімдер мына телефон арқылы қабылданады: (8-7212) 41-01-37.