Облыс әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы №07/03 қаулысымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылған болатын.
Комиссия ережесіне сәйкес оның басты мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ұсыныстарды жинау, талдау және әзірлеу. Осы бағыттағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп Мемлекеттік комиссияға ұсыну болып табылады
Осыған орай, 2021 жылдың 8 ақпанында облыс әкімінің орынбасары А.Нүкеновтың төрағалық етуімен Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның онлайн форматта бірінші отырысы болып өтті.
Комиссия отырысына мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен және облыстық мәслихат депутаттарынан, қоғам қайраткерлерден, белгілі тарихшылардан, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдерінен тұратын комиссия мүшелері және Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Аталған отырыс барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелері және алдағы уақытта жүзеге асатын іс-шаралар мен іс-қимыл жоспары талқыланып бекітілді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның алғашқы отырысы санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтай отырып, онлайн форматта өткізілді.