«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.

Мемлекеттік гранттарды берудің қайта конкурсы келесі 28 тақырып бойынша жарияланады:

 

  1. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру;
  2. Халықтың денсаулық және инфекциялық емес аурулардың (ИЕА) тәуекел факторларына қарсы күрес мәселелері бойынша  сауаттылық деңгейін арттыру;
  3. Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  4. Жануарларға жауапкершілік пен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы;
  5. Жастар арасында суицидттердің алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  6. Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  7. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру;
  8. Жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу жөнінде іс-шаралар өткізу;
  9. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционалдау;
  10. Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  11. Дағдарыс орталықтары ның қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
  12. Өмірде қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
  13. Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды (NEET санаты) әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
  14. «Профнавигация» жобасын іске асыру;
  15. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
  16. Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру;
  17. «Каzislam.kz» арнайы исламдық Интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  18. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған азаматтарды оларды тиімді бейәлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік қолдау;
  19. Қоғамдық кеңестер институтын дамыту;
  20. Қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
  21. Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету;
  22. ҮЕҰ академиясы;
  23. Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
  24. Әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін медиация институтын қолдану;
  25. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сарапшылық қоғамдастықтың, ҮЕҰ қатысуын кеңейту;
  26. Ардагерлер ұйымдарының бастамаларын қолдау;
  27. «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған республикалық азаматтық орталық қызметін ұйымдастыру және дамыту;
  28. Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе.

 

Өтінімдер қағаз және электронды тасымалдаушыларда берілуі тиіс (USB флэш жинақтаушы немесе CD-диск).

Өтінімдерді қағаз нұсқада электронды тасымалдағышта қоса ұсына отырып, мына пошта мекен-жайына жолдау керек:

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» БО, 2 қабат, 211 кабинет.

 

MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

 

Өтінімдер 2020 жылдың «20» қаңтар сағат 18-30-ға дейін қабылданады.

 

Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.30-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Оператор қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Оператордың Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар:

  • Ақмола облысы - Мажранова Мадина 8 777 997 55 88
  • Ақтобе облысы - Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
  • Алматы облысы - Ергалиева Шұғыла 8 775 100 96 30
  • Шығыс Қазақстан облысы - Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26
  • Жамбыл облысы - Мажранова Мадина 8 777 997 55 88
  • Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
  • Қарағанды облысы - Сариев Аслан 8 701 617 81 88
  • Қостанай облысы - Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
  • Қызылорда облысы – Мажранова Мадина 8 777 997 55 88
  • Маңғыстау облысы – Ергалиева Шұғыла 8 778 010 78 20
  • Павлодар облысы – Сариев Аслан 8 701 617 81 88
  • Солтүстік Қазақстан облысы - Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03
  • Түркістан облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
  • Нұрұлтан қаласы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30
  • Алматы қаласы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26
  • Шымкент қаласы Қолдасбаев Дархан 8 775 863 23 03