2020 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ZOOM форматында «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері» тақырыбында семинар өтті.

2020 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ZOOM форматында «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері» тақырыбында семинар өтті.

2020 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ZOOM форматында «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың әдістері мен түрлері» тақырыбында семинар өтті.  Аталған семинарға облыстың қалалар мен аудандарының ішкі саясат бөлімінің басшылары мен осы салаға жауапты мамандары қатысты.

     Семинарға арнайы лекторлар: «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары Сатыбалдинов Нұржан Ахмедияұлы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті Байжанова Гүлзира Төлепбергенқызы, Қарағанды облысы білім басқармасының «Таңшолпан» балалар үйі» КММ директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттауды мониторингтеу жөніндегі облыстық инспекциялық топ мүшесі Кабулова Шахмарал Майбекқызы қатысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау жұмыстары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

        Семинар барысында қатысушылар өздеріне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларын сақтай отырып, онлайн форматта өткізілді.