Облыстық басқармалар мен департаменттер және қалалар мен аудан әкімдіктерінің баспасөз хатшылары қоғаммен және БАҚ-пен қарым-қатынас орнатуды үйренді

Облыстық басқармалар мен департаменттер және қалалар мен аудан әкімдіктерінің баспасөз хатшылары қоғаммен және БАҚ-пен қарым-қатынас орнатуды үйренді

«Бұқаралық коммуникация құралдары мемлекеттің ақпараттық саясатының негізі " тақырыбында вебинар сабағы жоғары деңгейде өтті. Спикер ретінде креативті және стратегиялық «Red Point Kazakhstan» коммуникациялар сервисінің негізін қалаушы және бас директоры, Лондон Корольдік маркетинг институтының Chartered Marketer дәрежесінің иегері Әсел Қожақова шақырылды.
20 жылдан астам уақыт бойы Coca-Cola, Microsoft, General Motors, Beeline сияқты ірі компанияларда түрлі лауазымдарда жұмыс істеген Әсел Қожақова қоғаммен байланыс саласындағы үздік мамандардың бірі. Сондай-ақ халықаралық дәрежедегі «EXPO-2017Astanа» және ұлттық компаниялардағы бірқатар стратегиялардың авторы. Бір жылдың ішінде түрлі тақырыптар бойынша мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың 200-ден астам мамандарын оқытып шығарды.
Бұл тренинг бірден бірнеше мақсатта өткізілді. Атап айтқанда, БАҚ пен мемлекеттік органдардың барынша өзара байланысы, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің сапалы деңгейін қалыптастыру, сондай-ақ баспасөз хатшыларының кәсіби деңгейін арттыру.
Тренинг барысында журналистермен, блогерлермен қарым-қатынас орнатуға және мекеменің PR стратегиясын құру жолдары айтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық-насихаттық сүйемелдеуді жақсарту, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы БАҚ рөлі, тараптардың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығы мәселелері қаралды. Аудитория үшін нақты жағдайларға негізделген жұмысты жоспарлау бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар қызықтырақ болды. Тренинг оқытушысы қар тазалау сияқты қарапайым мысал келтіре отырып пресс-релиз жасау қаншалықты қысқа әрі қызықты екенін түсіндіріп берді. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ақпаратпен қалай жұмыс істеу керектігін, өзекті тақырыптарды қалай таңдау туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Спикер тренингтің негізгі бөлігін «дағдарыстық коммуникация» тақырыбына арнады. Әсел Қожақова атап өткендей, кез-келген дағдарысты алдын-ала болжап , қандайда бір қиындықтың алдын алуға болады. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері "еститін мемлекет" қағидатын ұстанып қана қоймай өз жұмысында тиімді қолдана білуі керектігін түсіндірді.