
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденейдің төрағалығымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Жиында еріктілер қозғалысын және жастар бастамаларын дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мәселелері қаралды.
Келесі жылға жоспарланған әлеуметтік жобалардың мазмұнын қоғамның нақты сұраныстары мен қазіргі сын-қатерлерге сай жетілдіруге басымдық берілді. Атап айтқанда, білім беру мен жасанды интеллект, жастарды жұмыспен қамту, нашақорлықтың алдын алу, «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын ілгерілету бағыттарына назар аударылды.
Отырыста өңірдегі еріктілер қозғалысының дамуы да талқыланды. Бүгінде волонтерлер әлеуметтік, экологиялық, білім беру және қоғамдық маңызы бар жобаларға белсенді атсалысып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жергілікті қоғамдастықтардың дамуына үлес қосып келеді.
Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың өңірдің тарихи жадын сақтау және тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытындағы жобаларға қатысуын күшейту қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалып, тиісті міндеттер белгіленді.