
24 маусымда Шахтинск қаласында «Мемлекеттік рәміздер – ортақ құндылығымыз» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның спикерлері ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселелеріне мониторинг жүргізу жөніндегі облыстық инспекциялық топ мүшелері Ш.М. Кабулова мен С.О. Нұрмағанова сөз сөйледі. Семинарға мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ Долинка және Новодолинский кенттері әкімдіктерінің мамандары қатысты. Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістермен танысты. Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және Мемлекеттік Гимнді дұрыс қолдану, сондай-ақ оларды орналастыру және пайдалану кезінде ұлттық стандарттардың сақталу мәселелеріне ерекше назар аударылды.