Қарағанды облысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және өнегелі отбасыларды қолдауға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттарды қабылдау басталды.

Байқау аясында өңірдегі ең үлгілі отбасы анықталатын болады.
 
Қатысуға өтінімдер мен құжаттар 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қала және аудан әкімдіктері арқылы қабылданады.
 
Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:
– бірінші кезең – аудандық және қалалық деңгейде;
– екінші кезең – облыстық деңгейде.
 
Байқаудың I кезеңі қалалар мен аудандарда 2026 жылғы 27 маусымға дейін өтеді. 2026 жылғы 1 шілдеде қалалық және аудандық комиссиялар қорытынды шығарып, жеңімпаз атанған отбасылардың портфолиоларын облыстық комиссияның қарауына жолдайды.
 
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі 2026 жылғы тамыз айында өтеді. Облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған отбасы Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде Қарағанды облысының намысын қорғайды.