
«Наурызнама» онкүндігі аясында «Шаңырақ күніне» орай Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және облыстық ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері Қарағанды қаласының перинаталды орталықтарына барып, осы күні дүниеге келген балалардың аналарын құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Қарағанды қаласындағы №1 Перинаталды орталықта «Вайнах» чечен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев пен бірлестік Аналар кеңесінің мүшесі Раиса Исраилова осы күні сәбиін дүниеге әкелген жас ана Айжан Азимбайды шын жүректен құттықтады.
№2 Перинаталды орталықта Қарағанды облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Киясова және Қарағанды облыстық поляк қоғамы «Polonia» төрағасы Виталий Хмелевский Диана Шабданды ұлын дүниеге келуімен құттықтады.
Аймақтық акушерлік-гинекологиялық орталықта мерекелік күні ұлын дүниеге әкелген ана Улжан Есеналиеваны құттықтады.
«Шаңырақ күні» мерекесі отбасы бақытының, ұрпақ жалғасының және отбасылық ортаның маңыздылығын дәріптейді.
Мұндай кездесулер мерекелік күндерде тұрақты дәстүрге айналып, жас отбасыларға қолдау көрсетуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және бірлік пен келісім идеяларын насихаттауға бағытталған.