
Жобаға біздің ішкі саясат басқармасынан бес жас мемлекеттік қызметші қатысты:
* Жұлдыз Сагимбаева – басқарма басшысының орынбасары
* Мөлдір Жамиева және Нұрлан Аймагамбетов – бөлім басшылары
* Даниял Сламханов және Ақерке Исатаева – басқарма мамандары
Бес апта бойы қатысушыларға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов, Сенат Аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков, сондай-ақ республикалық деңгейдегі жетекші саясаттанушылар мен сарапшылар дәріс оқыды.
Лекциялар мен практикалық сабақтар қатысушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп, мемлекеттік саясат, коммуникациялар және деректерді талдау саласындағы заманауи үрдістерді терең түсінуге мүмкіндік берді.
Басқарма үшін бұл – кадрлық әлеуетті нығайтып, қызметкерлердің аналитикалық құзыреттерін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Сонымен қатар, жобаға қатысқан Жұлдыз Сагимбаева қатысқан топ қатысушылардың дауыс беру нәтижесі бойынша «Қарағанды Vibe: өңірдің жастар үшін тартымды бейнесін қалыптастыру» атты үздік аналитикалық жобаның авторы деп танылды.