Қазан айында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бірінші өңірлік «TALDAU» аналитика мектебінің басталуына бастамашы болды.

Қазан айында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бірінші өңірлік «TALDAU» аналитика мектебінің басталуына бастамашы болды.

Жобаға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауы көрсетілді. Жобаға қатысу үшін 35 жасқа дейінгі жастар арнайы іріктеуден өтті.

Бүгінде іріктеуден өткен 40 дарынды және жігерлі жастар «TALDAU» аналитика мектебінде үшінші апта қатарынан оқуларын жалғастыруда.  Бұл мектеп өңірлік деңгейдегі жаңа буын аналитиктерін даярлаудың бірегей алаңына айналды.

Қатысушылардың қатарында Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасының бес жас мемлекеттік қызметшісі бар:

Жұлдыз Сағымбаева - басқарма басшысының орынбасары;

Мөлдір Жамиева және Нұрлан Аймағамбетов - бөлім басшылары;

Даниял Сламханов және Ақерке Исатаева - басқарма мамандары;

Олар аналитикалық әдістемелерді меңгеріп, деректерді өңдеудің заманауи тәсілдерін, зерттеу материалдарын әзірлеу және басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын үйренуде.

Өткен сенбіде жобаға қатысушылар Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев және республикалық TALDAU community мүшелерімен бірге дәстүрлі TALDAU RUN жүгіру шарасына қатысты. Бұдан кейін олар ҚР Парламенті Сенатына барып, дәрістер тыңдап, жоғары заң шығару органының жұмысымен танысты.