
"Қазақмыс Холдинг" ЖШС 2019 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысын шығарды. Компанияның ресми хабарлауы бойынша, катод эквивалентіндегі мыс өндірісі 184,029 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3 мың тоннаға (+5,3%) артық.
9 айдың қорытындысы бойынша кендегі мыстың орташа мөлшері 0,91% - ды құрады, бұл жоспарланғаннан 1,8% - ға жоғары.
"Қазақмыстың "байыту фабрикаларымен 22,8 млн тонна кен өңделіп, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 1,6% - ға артты.
- Мыс бойынша біз өткен жылдың көрсеткіштері мен осы жылға жоспарланған көрсеткіштерді басып озамыз. Себебі - өткен жылдың соңында ЖМЗ-да екінші кен-термиялық пешті іске қосу. Біз геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырудамыз: осы жылдан бастап "Қазақмыс" Мыс және полиметалдар кен орындарын табуға бес перспективалы учаскеде барлау жүргізіп келеді. Сонымен қатар, біз кенді байытудың жаңа деңгейіне көшеміз. Бұл жаңа байыту фабрикасының құрылысы немесе жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту болады, - деп түсіндірді Эдуард Огай, "Қазақмыс Холдинг"ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
"Қазақмыс Холдинг" ЖШС-табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстандағы ірі мыс өндіруші. Оның құрамында 13 кеніш, 4 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты және 2 көмір разрезі бар.
Холдинг кәсіпорындарында 38 000-ға жуық адам еңбек етеді.