
Қарағанды облысының кәсіпкерлерін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырады
Мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының өкілдерімен жыл сайынғы кездесу өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында өткізіледі.
Биыл іс-шара 24 қыркүйек күні сағат 11:00-де «Атамекен» ӨКП конференц-залында өтеді. (Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат.)
Кездесу барысында кәсіпкерлерге бақылау және қадағалау саласындағы жұмыстың нәтижелері туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ жаңа талаптар мен заңнамадағы өзгерістер туралы білуге мүмкіндік болады.
Ең бастысы – бұл бизнес өкілдерін алаңдатқан мәселелерді ашық талқылауға, өз проблемалары мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік беретін алаң.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfykgaJ5f0tfo8A9YGXodLPAfYTs7FcR6VjP-n45Tq4MkKgtg/viewform?usp=publish-editor