АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша
Қарағанды қаласы «26» маусым2026 жыл
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №26 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі кезеңде «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ІЖТТ) жүргізді. Талданатын кезең: 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы.
Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5) тармақшасы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрық редакциясында, 2026 жылғы 31 наурыздағы №52 өзгерістерімен).
ІЖТТ жүргізу барысында Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде жүргізген лицензиялау туралы заңнаманың сақталуын тексеру нәтижелері (тексеру нәтижелері туралы 2026 жылғы 28 сәуірдегі анықтама) ескерілді. Прокуратура анықтамасында баяндалған мәліметтер (өтініштердің берілген күндері, қарау мерзімдері, лицензия нөмірлері) белгіленген нақты мән-жайлар бөлігінде Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсаттары үшін пайдаланылды; осы анықтамада анықталған мән-жайлардың құқықтық сараптамасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау міндеттері шеңберінде дербес беріледі.
ІЖТТ екі бағыт бойынша жүргізілді: 1) Басқарма қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі, оның ішінде: персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, бюджет қаражатын игеру және бөлу, жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету және рұқсат беру функцияларын іске асыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ кәсіпкерлік, сауда, өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, инвестицияларды тарту, инновациялар мен ғылымды дамыту салаларында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарманың штат саны: 27 (жиырма жеті) бірлік. Ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ. 2025 жылғы бюджет 100%-ға игерілді.
ІЖТТ қамтыған Басқарма құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі;
- Шағын және орта бизнесті, сауданы дамыту, АЖ және ТЖ бөлімі;
- Инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімі (БЖК/ИЖБ);
- Инвестициялар және даму бөлімі.
ІЖТТ жүргізу барысында жұмыс тобы Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізді.
Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша олардың Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №20 бұйрығымен бекітілген әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу және бекіту қағидаларының талаптарына сәйкестігі анықталды.
Сыйақы беру туралы бұйрықтарға жүргізілген талдау сыйақының мемлекеттік мерекелерде лауазымдар деңгейі бойынша тең үлестірумен төленетінін көрсетті. Барлық бұйрықтарға тиісті құжаттама бар.
2.1. Шағын және орта бизнесті, сауданы дамыту, АЖ және ТЖ бөлімі
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-1 және 79-3 баптарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген (2024 жылғы 29 маусымдағы №54 бұйрық редакциясында) Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген субъектілерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізудің қолданыстағы тәртібі транзакциялық түсінудегі мемлекеттік көрсетілетін қызметке (egov.kz арқылы көрсетілетін) жатқызылмаған. Өтініш берушілердің деректерін верификациялау рәсімі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен (мемлекеттік кірістер, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарымен, «Азаматтарға арналған үкімет» МК-мен) интеграциясыз мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы қолмен жүзеге асырылады. Тізілім ЖАО жанындағы арнайы комиссиямен қалыптастырылады және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бекітіледі.
Аталған мән-жай енгізу/бас тарту туралы шешімдер қабылдау кезінде субъективті бағалауға жағдай жасайды және әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады.
2.2. Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің 68-1-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №249-VIII Заңымен енгізілген) Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖПБП, https://minerals-u.e-qazyna.kz/) мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және басқа да мүдделі тұлғалар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды (КТПҚ) өндіруге лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 Н/Қ бұйрығының 756-тармағына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген. Алайда осы талдау жасалған күнге аталған қызмет цифрланбаған: КТПҚ өндіруге лицензия беру бойынша құжаттарды қабылдау және лицензия беру ЖПБП арқылы емес, құжат айналымы жүйесі (Documentolog) арқылы ЖАО үшін көзделген арна бөлігінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы №366 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы №104 бұйрығы редакциясында), Кодекстің 231-бабының 2-тармағына сәйкес КТПҚ-ға қолданылатын Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, лицензия беруге өтініш ЖПБП арқылы беріледі.
Талданатын кезеңде Documentolog жүйесі арқылы КТПҚ өндіруге лицензия беруге өтініштердің Басқармаға түскен фактілері тіркелді («Евродор С» ЖШС, 2026 жылғы 25 мамырдағы №8 өтініш; «Топар» бас бөлу электр станциясы ЖШС, 2026 жылғы 29 мамырдағы №01-411/1558 өтініш; «БАЗИС-ТАУ» ЖШС). Құжаттар ЖПБП арқылы беру тәртібін түсіндіре отырып, қарамай қайтарылды, бұл қайтарудың ресми негізі бөлігінде заңнама талаптарына сәйкес келеді.
Сонымен қатар ІЖТТ барысында талдау жасалған күнге ЖПБП КТПҚ өндіруге лицензия беруге арналған өтініштерді дәл ЖАО арнасы арқылы беру функционалын толық көлемде қамтамасыз етпейтіні анықталды. Аталған мән-жай Басқарма қызметкерлерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты емес жүйелік кедергі болып табылады, бірақ төменде Тәуекел 1 ретінде көрсетілген әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Бөлек, гидротехникалық құрылыстар мен гидроқұрылыстарды қайта жаңарту және жөндеуге арналған КТПҚ барлау/өндіруге рұқсаттар 2026 жылғы 6 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы №227 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 мамырда №38682 тіркелген) айқындалған тәртіппен ЖАО-мен беріледі. Аталған күнге дейін тиісті Қағидалар (Қазақстан Республикасы ИИД министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 7 сәуірдегі №188 бұйрығы) күшін жойған, жаңа акт ұзақ уақыт болмаған, осыған байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан мамыр айының басына дейін Басқарма осы рұқсат түрі бойынша түскен 4 өтінішті қарау мүмкіндігіне ие болмады; қалыптасқан жағдай туралы Министрлікке хат Басқармамен 2026 жылғы 27 ақпанда жіберілді.
III. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ
3.1. Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі
Бөлім КТПҚ бойынша өндіруге және старательство жасауға лицензия беруді, түсті және қара металдардың сынықтарымен айналысу қызметіне рұқсаттар беруді, жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді, пайдалы қазбалардың болмауы не шамалы болуы туралы қорытындылар беруді, пайдалы қазбалардың орналасу алаңдарын игеруге рұқсаттар беруді, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық жағдайларды (бұдан әрі – ЛКЖ) орындауын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Штат саны: бөлім меңгерушісі және 5 (бес) бас маман (2026 жылғы 28 сәуір жағдайы бойынша бөлім меңгерушісі лауазымы бос болған). Жер қойнауын пайдалану мәселелерін тікелей жүргізу 1 (бір) бас маманға жүктелген; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелерін 1 (бір) бас маман жүргізеді.
Қарағанды облысы аумағында КТПҚ өндіруге 33 лицензия және старательство жасауға 1 лицензия, сондай-ақ Кодекс енгізілгенге дейін берілген КТПҚ өндіруге 39 келісімшарт қолданыста. Талданатын кезеңде 289 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді (2025 жыл), 2026 жылдың 5 айында – 79 қызмет.
Тәуекел 1.
КТПҚ өндіруге лицензиялар бойынша ЖАО арнасы үшін ЖПБП функционалы шектеулі жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қайтару кезінде формальды талаптарды теріс пайдалану мүмкіндігі.
Өтініш берушілер («Евродор С» ЖШС, «ГРЭС Топар» ЖШС, «БАЗИС-ТАУ» ЖШС) КТПҚ өндіруге лицензия алу үшін Басқармаға толық құжаттар жинағын жіберді. Басқарма құжаттарды ЖПБП арқылы беру қажеттігіне сілтеме жасай отырып қайтарды. ЖПБП функционалының ЖАО-дан өтініштерді қабылдау бөлігінде нақты шектеулі болуы жағдайында мұндай тәжірибе қабылдаудан бас тарту үшін немесе қарауды бастауды кейінге қалдыру үшін формальды негізді пайдалану тәуекелін тудырады, өйткені қайтарылған өтініштер тіркеу нөмірін алмайды және заңды қарау мерзімдерін тудырмайды.
Тәуекел 2.
2025 жыл ішінде лицензиялық-келісімшарттық жағдайлардың орындалуын жүйелі мониторингтеудің нақты болмауы.
Жер қойнауын пайдаланушылардың ЛКЖ орындауын жүйелі мониторингтеу 2025 жылы есепті кезең ішінде іс жүзінде жүргізілмеген. 29 (жиырма тоғыз) жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ЛКЖ бұзу туралы хабарламалар тек 2025 жылдың соңында бұрынғы бөлім меңгерушісі Серикбаев А.-мен енгізілген.
Қосымша мыналар анықталды. 2025 жылғы 30 сәуір жағдайы бойынша төрт жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді бермеген: «Недра Балхаш» ЖШС (2014 жылғы 6 ақпандағы №125 келісімшарт), «Мат-Сарыарка» ЖШС (2019 жылғы 24 желтоқсандағы №54 лицензия), «Петроресурс» ЖШС (2008 жылғы 8 сәуірдегі №108 келісімшарт), «СП «Сине Мидас Строй» ЖШС (2019 жылғы 5 желтоқсандағы №49 лицензия). Есептілікті бермегеніне бір жылдан астам уақыт өтті; хабарламалар тек 2025 жылдың желтоқсанында жіберілді (8 ай өткен соң), жер қойнауын пайдаланушылардан кері байланыс жоқ, лицензияларды кері қайтарып алу бойынша шаралар қабылданбаған. 2023 жыл бойынша есептілікті бермеудің осыған ұқсас фактілері тіркелген («Мат-Сарыарка» ЖШС, «Балқаш жібек жолы» ЖШС).
Тағы бес жер қойнауын пайдаланушы («Қарағанды Автодор» ЖШС, «ГРЭТ» ЖШС, «Нар-АС и К» ЖШС, «SALPLANET» ЖШС, «QAZMINERALGROUP» ЖШС) жыл сайынғы ең аз шығыстар мен жалдау ақысы бойынша белгіленген лицензиялық міндеттемелер бар кезде 2024 жылға нөлдік көрсеткіштермен есептер тапсырды; нөлдік есептілік беру себептері анықталмаған, міндеттемелердің орындалуы қайта тексерілмеген.
Лицензиялық міндеттемелердің толық орындалмау фактісі анықталды: «СейСер» ЖШС есебі бойынша (Староволынское кен орны) 2023 жылғы міндеттемелер 39%-ға орындалған, Басқарма тарапынан салдарсыз.
4 жер қойнауын пайдаланушы («Shaltas Minerals» ЖШС, 2025 жылғы 22 мамырдағы №88 лицензия; «Алтын Құм KZ» ЖШС, 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №89 лицензия; «Қазстройинвест21» ЖШС, 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №90 және №91 лицензиялар; «ПСК «Гарант» ЖШС, 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №93 лицензия) лицензиялық аумақтар шегінде жер учаскелерін ресімдеу үшін Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасына жүгінбегені анықталды, бұл жалдау ақысын уақтылы төлеу бойынша лицензиялық міндеттеменің орындалмауына әкеледі.
Кодекстің 25-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуге тыйым салынған аумақтарда (елді мекендерден бір мың метрден кем аймақ) лицензиялар берудің 2 фактісі анықталды: «VIXIT Group» ЖШС (2024 жылғы 5 қаңтардағы №82 лицензия) және «Строй Монтаж Балхаш» ЖШС (2025 жылғы 26 желтоқсандағы №92 лицензия). Аталған лицензияларды кері қайтарып алу бойынша шаралар қабылданбаған.
Баяндалғандардың жиынтығы бөлім деңгейінде ЛКЖ орындалуын бақылаудың регламенттелген, тұрақты және тіркелетін рәсімінің болмауын куәландырады, бұл әртүрлі жер қойнауын пайдаланушыларға ден қою шараларын іріктеп қолдануға жағдай жасайды.
Тәуекел 5.
КТПҚ өндіруге лицензия беру мерзімдеріне формальды сәйкестік кезінде өтініштерді қарау мерзімдерінің заңнамада белгіленген талаптарын сақтамау.
Кодекстің 205-бабына сәйкес өтініш беруші құжаттардың, келісулердің және рұқсаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензия құзыретті органмен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі. Толық құжаттар топтамасы бар өтініш берушілердің өтініштері Басқармада белгіленген мерзімнен айтарлықтай ұзақ (1 айдан 2 айға дейін) қаралған жағдайлар анықталды, атап айтқанда «АС-СЕР НЕДРА» ЖШС өтініштері бойынша («Молодежное» кен орнына лицензия, Осакаров ауданы – қарау 2025 жылғы 8 қазаннан 2026 жылғы 4 наурызға дейін, яғни шамамен 5 ай жалғасты), «Алтын Құм KZ» ЖШС (№89 лицензия, «Тегісжол» кен орны, Бұқар-жырау ауданы), «Строй Монтаж Балхаш» ЖШС (№92 лицензия, «Бала-Дересін» кен орны, Ақтоғай ауданы), «Қазстройинвест 21» ЖШС (№90 және №91 лицензиялар, «Теміртас-2» және «Теміртас-1» кен орындары, Бұқар-жырау ауданы), «GMK KZ» ЖШС (№85 лицензия) және «QAZMINERAL GROUP» ЖШС (2024 жылғы 28 маусымдағы өтініш, лицензия 2024 жылғы 28 тамызда берілген).
Аталған жағдайлардың бір бөлігінде өтініш берушінің толық құжаттар топтамасымен алғашқы өтініші ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз қалғаны, содан кейін Басқармаға осы өтінішті кері қайтарып алу туралы өтінім түскені, ал жақын уақыт аралығында сол құжаттар топтамасымен жаңа өтініш берілгені анықталды; бұл жағдайларда лицензия берудің 5 күндік мерзімін есептеу бастапқы емес, жаңа өтініш күнінен жүргізілген.
Бөлім деңгейінде барлық түсу күндерін, қайталама берілуі мен кері қайтарып алуларды тіркейтін өтініштерді есепке алудың бірыңғай тізілімінің болмауы өтініштерді қарау мерзімдерін нақты есептеудің өтініш берушінің бірінші ерік білдіру күнімен емес, есептеу нүктесі ретінде қандай күн пайдаланылатынына байланысты іріктеп айқындалуы мүмкін тәуекелін тудырады. Аталған тәжірибе өтініштерді қарау мерзімдерін тіркеудің және есептеудің бірыңғай әрі ашық тәртібінің болмауымен байланысты әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.
Тәуекел 6.
Кодексте және КТПҚ өндіруге лицензиялар мен жазбаша рұқсаттар беру тәртібін реттейтін заңға тәуелді актілерде көзделмеген қосымша келісу рәсімін (облыс әкімдігінің қаулысы) енгізу.
2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап Басқармада КТПҚ өндіруге лицензиялар беру, сондай-ақ автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеуге арналған КТПҚ барлауға/өндіруге жазбаша рұқсаттар беру алдын ала Комиссия отырысында қаралатын, содан кейін жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы шығарылатын тәжірибе қолданылады (облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшылары қатысатын 8 лауазымды тұлғаның қатысуымен). Аталған тәжірибе енгізілгеннен бері шамамен 40-50 осындай қаулы шығарылған.
Аталған тәртіп Кодексте де, лицензия беруге өтініштерді беру және қарау Қағидаларында да көзделмеген, Басқарма деңгейінде енгізілген қосымша әкімшілік кезең болып табылады. Қажеттілігіне қарай алқалық органды шақыруды талап ететін, нормативтік бекітілмеген қосымша келісу сатысының болуы өтінішті өткізу нүктелерінің санын объективті түрде арттырады және қарау мерзімдерін созуға, сондай-ақ отырыстарды шақыру мерзімдеріне және жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау кезектілігіне бейресми ықпал етуге жағдай жасайды.
3.2. Шағын және орта бизнесті, сауданы дамыту, АЖ және ТЖ бөлімі
Мемлекеттік ШОБ қолдау шараларын іске асыру (гранттық қаржыландыру)
Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 қаулысына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру бойынша өңірлік үйлестіруші болып табылады. ІЖТТ барысында Басқарманың дауыс беру құқығынсыз конкурстық комиссияның хатшысы ретінде ғана әрекет ететіні анықталды. Өтінімдер бойынша шешімдер комиссиямен kezekte.kz порталы арқылы автоматты түрде балл қою арқылы дауыс беру жолымен қабылданады. Отырыстардың аудио- және бейнежазбасы, бақылаушылардың қатысуы, комиссия мүшелерінің құпиялылықты сақтау туралы келісімге қол қоюы рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді. Субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікті кредиттеу құралдары бойынша қаржыландыруды «Даму» КДҚ АҚ жүзеге асырады, Басқарма қаржыландыруды тікелей жүзеге асырмайды. Осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу
ІЖТТ барысында әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды (Тәуекел 3): субъектілерді әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізу процесі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциясыз қолмен жүзеге асырылады. Деректерді (кірістер, қызметкерлер саны, әлеуметтік осал санаттарға жататындығы) жинау және верификациялау мемлекеттік органдарға сұрау салу жолымен жүргізіледі. Субъектінің бірыңғай цифрлық профилінің болмауы арнайы комиссияның шешім қабылдауы кезінде субъективті бағалауға жағдай жасайды.
Анықталған тәуекелді жою мақсатында Басқарма Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және мұрағаттар басқармасына өтініш берушілердің деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты верификациялауды қамтамасыз ету туралы ұсыныс жіберді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаларды мониторингтеу
Бұрын қолданылған ӘМАТ шекті және ең жоғары бағаларын бекіту тетігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алынып тасталды. Бөлшек сауда бағаларын мониторингтеу уәкілетті органдардың қатысуымен тұрақты негізде жүзеге асырылады. Баға белгілеудің делдалдық схемаларын тексеру жөніндегі комиссия облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен аптасына екі рет өткізіледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілермен ресми арналардан тыс өзара іс-қимыл жүзеге асырылмайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
3.3. Инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімі (БЖК/ИЖБ)
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 тамыздағы №592 бұйрығы негізінде жүзеге асырады. Бөлімде жобаларды БЖК-ге енгізу туралы шешімдерді тікелей қабылдау бойынша дискрециялық өкілеттіктер жоқ – шешімдер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің БЖК штабы деңгейінде қабылданады.
ІЖТТ барысында әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды (Тәуекел 4): жоба бастамашыларына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету кезінде бөлім іс жүзінде БЖК-ге енгізу өтінімдеріне қосымшаларды толтыруға жәрдем көрсетеді. Ақпараттық-консультациялық көмек пен өтініш беруші үшін құжаттарды тікелей дайындауды ажырататын ішкі регламент Басқарма деңгейінде бекітілмеген. Соңғы 12 ай ішінде бөлім қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдар түспеген. Мүдделер қақтығысы фактілері мен тәртіптік жаза қолдану фактілері анықталмаған.
3.4. Инвестициялар және даму бөлімі
Бөлім негізгі капиталға инвестициялар мониторингін, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Сарыарка» ӨАК, «Сарыарка» АЭА басқарушы компаниясымен, «Saran» индустриялық аймағымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бөлімде рұқсат беру, бақылау-қадағалау және лицензиялық функциялар жоқ. Ақпаратты жинау тек ресми арналар арқылы жүзеге асырылады. Талдамалық материалдарды дайындау көп деңгейлі келісуден өтеді. Соңғы 12 ай ішінде мүдделер қақтығысы жағдайлары, инвесторлардың шағымдары, тәртіптік жаза қолдану фактілері анықталмаған. Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талданатын кезеңде 1 (бір) мемлекеттік қызметші – өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы Төлегенов Асылхан Қанатұлы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Басқарма басшысының 2026 жылғы 19 мамырдағы №18 бұйрығымен оған азамат өтінішін қарау тәртібін бұзғаны үшін ескерту жарияланды. Негіз: Евтеева Л.Ю. атынан 2026 жылғы 8 мамырдағы №ЖТ-2026-01959667 шағым. Жағымсыз себептермен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жұмыстан босату фактілері анықталмаған.
Басқарманың барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Ақпараттық сервис» дерекқоры бойынша тексерілді. Сотталғандық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталмаған.
Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде аффилиирленгендік, жақын туыстарды тікелей бағыну лауазымдарына орналастыру фактілері анықталмаған.
2026 жылғы 28 сәуір жағдайы бойынша өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі меңгерушісінің лауазымы бос болды, бұл өтініштерді қайтаруға және ЛКЖ мониторингіне байланысты шешімдерді қабылдау функцияларының аралық басқарушылық бақылау болмаған жағдайда жекелеген бас мамандар деңгейінде шоғырлануына әкелді.
Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі. Сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде жеткізушілермен тікелей байланыс алынып тасталған. Басқарманың 2025 жылғы бюджеті 100%-ға игерілді.
Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Басқарманың лицензиялау туралы заңнаманы сақтауын 2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде тексеруді жүргізді (тексеру нәтижелері туралы 2026 жылғы 28 сәуірдегі анықтама). Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура КТПҚ өндіруге лицензиялар беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы және Басқарманың облыс әкімдігінің қаулысы арқылы заңнамада көзделмеген қосымша келісу рәсімін енгізуі туралы қорытынды жасады; прокуратура облыс әкімінің атына ұсыныс енгізді.
Прокурорлық тексеру барысында анықталған нақты мән-жайлар осы анықтаманы дайындау кезінде ескерілді және Тәуекел 5 бен Тәуекел 6-ны анықтауға негіз болды (III бөлім, 3.1-тармақ). Прокуратура ұсынысына ден қою Басқармамен дербес тәртіппен, осы ІЖТТ бойынша іс-шаралардан бөлек жүзеге асырылады.
Талданатын кезеңде Басқарма қызметіне мемлекеттік аудит те жүргізілді. ІЖТТ аяқталған күнге аудиторлық қорытынды алынған жоқ; аудит нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін ескеріледі.
VII. АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС
Талданатын кезеңде Басқармаға азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – eotinish.gov.kz арқылы 231 өтініш түсті, оның ішінде: шағымдар – 7, ұсыныстар мен хабарламалар – 6. Қаралғаны – 215 өтініш, қарауда қалғаны – 10. Өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуы анықталмады.
2025 жыл кезеңінде 289 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілді; 2026 жылдың 5 айында – 79 мемлекеттік көрсетілетін қызмет. «Е-лицензиялау» жүйесінде 2026 жылғы 28 ақпаннан бастап инвесторлық қызмет субъектілеріне қатысты рұқсаттарды бас тарту, ұзарту, тоқтату не тоқтата тұру туралы шешімдерді прокуратура органдарымен келісуді көздейтін «Прокурорлық сүзгі» жұмыс істейді.
VIII. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫМДАР
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша алты әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, оларды жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді:
Тәуекел 1 (Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі): КТПҚ өндіруге лицензиялар бойынша ЖАО арнасы үшін ЖПБП функционалы шектеулі жағдайда жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қайтару кезінде формальды талаптарды теріс пайдалану мүмкіндігі.
Тәуекел 2 (Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі): 2025 жыл ішінде лицензиялық-келісімшарттық жағдайлардың орындалуын жүйелі мониторингтеудің нақты болмауы.
Тәуекел 3 (ШОБ, сауда, АЖ және ТЖ бөлімі): әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциясыз қолмен жүргізу.
Тәуекел 4 (Инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімі БЖК/ИЖБ): жоба бастамашыларына БЖК-ге енгізу кезінде ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету тәртібінің Басқарма деңгейінде нормативтік бекітілмеуі.
Тәуекел 5 (Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі): КТПҚ өндіруге лицензиялар беру мерзімдеріне формальды сәйкестік кезінде өтініштерді қарау мерзімдерінің заңнамада белгіленген талаптарын сақтамау.
Тәуекел 6 (Өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімі): КТПҚ өндіруге лицензиялар мен жазбаша рұқсаттар беру тәртібін реттейтін заңнамада көзделмеген қосымша келісу рәсімін (облыс әкімдігінің қаулысы) енгізу.
ІЖТТ нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі бекітілді және оларды жою бойынша нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушылары бар іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жұмыс тобы:
Топ жетекшісі:
Рымбек А.Н. – Басқарма басшысының орынбасары
Топ мүшелері:
Молдакаримов А.Р. – Басқарма басшысының орынбасары
Қасенхан Р.П. – Басқарма басшысының орынбасары
Бейсекова И.С. – ШОБ, сауда, АЖ және ТЖ бөлімінің меңгерушісі
Тәжіғұлов Н.Т. – өнеркәсіп салалары және жер қойнауын пайдалану бөлімінің меңгерушісі
Смағұлова Д.Д. – инвестициялық жобаларды іске асыру бөлімінің меңгерушісі
Сатымбаева А.А. – инвестициялар және даму бөлімінің меңгерушісі
Қалдыбекова Г.М. – бас маман-бухгалтер
Даненбаев А.К. – Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Танысты:
«Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысы Ғазалиев А.А._____________ «26» маусым 2026 жыл