
QarTech хабынан білікті арттыру курстары: тыңдаушыларды тіркеу ашылды
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен құрылған QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлі-техникалық мамандарына арналған біліктілік арттыру курстарына қабылдау ашылғанын жариялайды.
Әрбір курсты білікті оқытушылар және тәжірибеде жұмыс істейтін эксперттер жүргізеді.
Қатысушыларға келесі бағдарламалар қолжетімді:
Оқу 2025 жылғы желтоқсан айының 1 бастап 12 дейін өтеді, көлемі – 72 академиялық сағат, форматы – практикалық тапсырмаларды қамти отырып, күндізгі.
Тіркелу qartech.kstu.kz сайтында 2025 жылғы 26 қарашаға дейін қолжетімді.