Мемлекеттік сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдану туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы соңғы жаңалықтар туралы семинар

Мемлекеттік сатып алуларда ұлттық стандарттарды қолдану туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы соңғы жаңалықтар туралы семинар

Техникалық ерекшеліктері дайындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуын болдырмау мақсатында, Мемлекеттік сатып алу басқармасы 2020 жылдың 22 шілдесінде облыстың мемлекеттік мекемелері үшін онлайн-семинар ұйымдастырды.

Семинарда «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қарағанды филиалының бас маманы Ажимова Шара Сағынтайқызы келесі мәселелер бойынша толық түсінік берді:

- стандарттардың түрлері және олардың айырмашылықтары туралы;

- ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды техникалық ерекшеліктерде дұрыс көрсету туралы;

- техникалық ерекшеліктерде көрсетілген тауарлардың техникалық сипаттамаларының Қазақстан Республикасы стандарттарының талаптарына сәйкестігі туралы;

- мемлекеттік сатып алуда қолданылатын ұлттық стандарттарды табу мәселелері;

- стандарттарды қолдану және басқа мәселелер бойынша техникалық ерекшеліктерді қалыптастыруда жиі кездесетін бұзушылықтар.

Сондай-ақ, онлайн-семинарда Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Түсіпова Жанар Арзанқызы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы соңғы өзгерістер мен оларды қолдану тәртібі туралы түсіндірді.

Аталған семинар облыстың мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік сатып алуды дұрыс ұйымдастыруы және өткізуі үшін үлкен практикалық маңызы бар.