Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 5-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 23 сәуірден 22 мамырға дейінгі кезеңде «Қарағанды ​​облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік мекеменің  қызметіне сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7212) 50-67-99 телефоны бойынша немесе goszakup.krg@mail.ru. электрондық мекенжайға хабарласуды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.

Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.