Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тыңдау рәсімінің енгізілген функционалы туралы ақпарат

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тыңдау рәсімінің енгізілген функционалы туралы ақпарат

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тыңдау рәсімінің енгізілген функционалы туралы ақпарат

01.07.2021

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі-Комитет) мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға мынадай ақпаратты жеткізеді:

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VIВ Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘТК) қолданысқа енгізілді.

 Осыған байланысты, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тыңдау рәсімін өткізу функционалы іске асырылды, онда уәкілетті органның аумақтық ведомствосы Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы шеңберінде келіп түскен өтініштерге жауаптардың жобаларын орналастыратын болады.

Мемлекеттік сатып алуға қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде (жазбаша түрде, Ақпараттық жүйелер, бейнеконференцбайланыс және т.б. арқылы) білдіруге құқылы.