Су, газ, жылу: ТКШ саласындағы жоспарлар туралы Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек айтып берді

Су, газ, жылу: ТКШ саласындағы жоспарлар туралы Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек айтып берді

Биыл Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін Есқұла су тартқышын қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда жұмыстардың үштен екі бөлігі орындалды. Қарағанды облысындағы тұрғын үй-коммуналдық саладағы жоспарлар туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында айтып берді.

Су мәселесін шешуден басқа, бірден алты өңірде кәріздік тазарту құрылыстарын салу және қайта қалыпқа келтіру жүргізілуде.

«Нұрлы жол», «Моноқалаларды дамыту» және «ЖҚЖК» мемлекеттік бағдарламалары аясында 30 жобаны іске асыру жалғасады. Олар аяқталғаннан кейін қала халқының 98%-ы және ауыл халқының 90%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, биыл Қарағанды, Теміртау және Жезқазғандағы 3 мың үйді газбен жабдықтауға қосу жоспарлануда. Газ беру осы жылдың үшінші тоқсанында тариф бекітілгеннен кейін басталады. Газбен жабдықтау желілерін тағы 4 мың үйге жеткізу бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.

Жаңа жылыту маусымына дайындық басталды. Жөндеу жұмыстарына 69 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, оның 50%-ы – жеке инвестициялар. ЖЭО-2, ЖТЭЦ, ЖЭО-1, ҚарГРЭС-1 және ГРЭС-Топар станцияларында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу жүргізілуде.