«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-мен облыс аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізілуде.

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-мен облыс аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-мен облыс аумағында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізілуде.

 «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын ұйымдастыру» ҚР ҚН 1.03-00-2022 сәйкес, құрылысты жүзеге асыратын мердігер (бас мердігер) қала аумағына шығатын құрылыс алаңын көлік құралдарының дөңгелектерін тазалау немесе жуу пункттерімен, сондай - ақ қоқыс жинауға арналған құрылғылармен немесе бункерлермен, ал желілік объектілерде-жергілікті атқарушы органдар көрсеткен орындармен жабдықтайды.

Мониторинг шеңберінде дөңгелектерді тазалау немесе жуу пункттерінің болмауы, сондай-ақ лас дөңгелектері бар көлік құралдарының құрылыс алаңының аумағынан шығу фактілері анықталды.

Аталған фактілер бойынша материалдар шаралар қабылдау үшін Қарағанды қаласының полиция Басқармасына жолданды.