Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 15 мамырда «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7212) 432243 телефонына немесе krg.gask@akimat09.kz. электрондық мекенжайына хабарласуды ұсынамыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әрбір азаматтың азаматтық ұстанымы және қазіргі қоғамның басты міндеті.

Әрбір азаматтың қатысуы маңызды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенділік танытуға және жеке үлес қосуға шақырамыз.