Тексерулер жүргізуге мораторий 2024ж.01.01. дейін ұзартылды

Тексерулер жүргізуге мораторий 2024ж.01.01. дейін ұзартылды

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

2022 жылғы 07 желтоқсан

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»;

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы  1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған мыналар қосылмайды:»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер;».

 

  1. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 Қазақстан Республикасының Президенті                                                     Қ.Тоқаев

 Астана, Ақорда, 2022 жылғы 7 желтоқсан

           № 44