Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 11.00 де Тәттімбет көшесі 709 мекен-жайы бойынша «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді.

Жария талқылауға қатысу үшін Қарағанды облысы Қоғамдың Кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы Танишпеков Рустам Фаритович шақырылды.

Жария талқылау мәні: Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы.

«Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ 08.05.2026 жылғы № 12-ө бұйрығымен бекітілген жұмыс тобы 2026 жылғы 18 мамыр мен 27 маусым аралығында Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

 Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жария талқылауды жүргізу туралы ақпарат «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ ресми интернет-ресурсында - https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/1240671?lang=ru.  орналастырылды.

Жария талқылау №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытын іске асыру жоспарын орындау аясында өткізілді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі анықтама мен іс-шаралар жоспары жасалды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізілімі жасалды.

Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жария талқылау барысында талдамалық анықтаманың ұсынымдарын Қарағанды облысы Қоғамдық Кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы қолдады.