
Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 3 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 281 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға аз (391 хабарлама), 121 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,6% - ға артық (119 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 3 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 433 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 242 (55%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 191 (45%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 32% - ға артық (328 акт, 160 (49%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 168 бас тартылды (51%).
2026 жылдың 3 айында Басқарма 10 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2026 жылдың 3 айында заңнаманы бұзғаны үшін 191 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (3 027 500 теңге. 312-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 49 іс (8 658 650 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 179 800 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1 іс (1 081 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 9 іс (2 076 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 2 іс (259 500 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 3 іс (194 625 теңге, 323-бап);
- нұсқамаларды орындамау, 1 іс (462-бап);
- ескертусіз құрылыс, 1 іс (463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 114 іс (13 161 009 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 31 310 872 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 30 089 059 теңге салды (өндіріп алу 19 099 214 теңге немесе 63% құрайды, қалған 37% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ).
2026 жылдың 3 айында 156 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 110 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% - ға аз (150 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2% - ға аз (50 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 2 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (1 аккредиттеу туралы куәлік).