
Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма 2026 жылдың 2 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 227 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25% - ға аз (303 хабарлама), 93 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3% - ға артық (96 хабарлама).
Басқармаға 2026 жылдың 2 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 321 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 177 (55%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 144 (45%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 29% - ға артық (248 акт, 124 (50%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 124 бас тартылды (50%).
2026 жылдың 2 айында Басқарма 8 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.
2026 жылдың 2 айында заңнаманы бұзғаны үшін 102 әкімшілік іс қозғалды:
- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 3 іс (1 730 000 теңге. 312-бап);
- ЖСҚ және сараптамасыз, 47 іс (6 617 250 теңге, 316-бап);
- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 3 іс (1 634 850 теңге, 317-бап);
- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 1 іс (1 081 250 теңге, 317-1-бап);
- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);
- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 7 іс (1 211 000 теңге, 321-бап);
- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 1 іс (64 875 теңге, 322-бап);
- заңсыз пайдалану, 2 іс (129 750 теңге, 323-бап);
- ескертусіз құрылыс, 1 іс (463-бап);
- лицензиялау нормаларын бұзу, 34 іс (4 379 075 теңге, 464-бап).
Қозғалған әкімшілік істер бойынша 17 475 175 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 17 475 175 теңге салды (өндіріп алу 11 069 840 теңге немесе 63% құрайды, қалған 37% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ).
2026 жылдың 2 айында 105 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 83 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18% - ға аз (101 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 21 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42% - ға аз (36 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 1 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 100% - ға артық (куәліктер берілмеген).