«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы облыстық ТЖ департаментінің өкілдерімен, сондай-ақ Қарағанды облысының құрылыс салушыларымен бірлесіп 2026 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында "Атамекен" ҰКП дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесуде құрылыс салушыларға "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңына енгізілетін жаңалықтар түсіндірілді.

Мәселен, Заңның 12-тарауы "объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру" деген 66-2-баппен толықтырылды, ағымдағы жылдың 1-ші ақпанынан бастап күшіне енді. Көрсетілген өзгерістерге сәйкес, көпшілік адам болатын салынған объектіні, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды қабылдау және пайдалануға беру алдында тапсырыс беруші объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алуға міндетті. Қорытындылар беруді уәкілетті органның аумақтық органдары объектілерге өрт-техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін жүзеге асыратын болады