2026 жылдың 1 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2026 жылдың 1 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2026 жылдың 1 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 137 хабарлама қабылдады, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19% - ға аз                   (170 хабарлама), 39 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26% - ға артық (53 хабарлама).

Басқармаға 2026 жылдың 1 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 164 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 89 (54%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 75 (46%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 24% - ға артық (132 акт, 69 (52%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 63 бас тартылды (48%).

2026 жылдың 1 айында Басқарма 4 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2026 жылдың 1 айында заңнаманы бұзғаны үшін 70 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 2 іс (1 297 500 теңге. 312-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 39 іс (4 152 000 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 2 іс (544 950 теңге, 317-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 1 іс (108 125 теңге, 318-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 3 іс (519 000 теңге, 321-бап);

- заңсыз пайдалану, 1 іс (64 875 теңге, 323-бап);

- ескертусіз құрылыс, 1 іс (463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 21 іс (1 887 868 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 8 574 318 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 8 574 318 теңге салды (өндіріп алу 4 915  363 теңге немесе 57% құрайды, қалған 43% бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ).

2026 жылдың 1 айында 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 38 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28% - ға аз (53 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 40% - ға аз (15 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша куәліктер берілмеді.