2025 жылдың 11 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

2025 жылдың 11 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2025 жылдың 11 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 1490 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7% - ға артық                   (1397 хабарлама), 632 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27% - ға артық (496 хабарлама).

Басқармаға 2025 жылдың 11 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1434 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 714 (50%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 720 (50%) бас тартылды, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 12% - ға аз (1626 акт, 662(41%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 964 бас тартылды (59%).

2025 жылдың 11 айында Басқарма 74 бақылау-қадағалау іс-шараларын өткізді.

2025 жылдың 11 айында заңнаманы бұзғаны үшін 146 әкімшілік іс қозғалды:

- мемлекеттік нормативтерді бұзу, 25 іс (15 531 400 теңге. 312-бап);

- белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз, 5 іс (3 538 800 теңге. 314-бап);

- атқарушылық техникалық құжаттаманы ресімдеу қағидаларын бұзу 6 іс (487 466 теңге, 315-бап);

- ЖСҚ және сараптамасыз, 25 іс (8 787 664 теңге, 316-бап);

- авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 14 іс (6 827 168 теңге, 317-бап);

- инжинирингтік қызметтерді бұзу, 4  іс (5 898 000 теңге, 317-1-бап);

- объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 6 іс (2 984 388 теңге, 318-бап);

- жерсіз заңсыз құрылыс, 3 іс (41 286 теңге, 319-бап);

- үлестік құрылыс, 1 іс (589 800 теңге, 320-бап);

- авторлық және техникалық қадағалаусыз, 23 іс (6 213 720 теңге, 321-бап);

- пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 7 іс (1 435 180 теңге, 322-бап);

- заңсыз пайдалану, 8 іс (648 780 теңге, 323-бап);

- нұсқамаларды орындамау, 2 іс (412 860 теңге, 462-бап);

- ескертусіз құрылыс, 16 іс (631 086теңге, 463-бап);

- лицензиялау нормаларын бұзу, 1 іс (123 858 теңге, 464-бап).

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 54 151 456 теңге сомасына айыппұл салынды, оның ішінде басқарма 45 343 776  теңге салды (өндіріп алу 35 991 514 теңге немесе 79% құрайды, қалған 21% бойынша айыппұлды ерікті төлеу мерзімі),  сот 9 352 262 теңге салды.

2025 жылдың 11 айында 720 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 484 мемлекеттік қызмет, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 33% - ға аз (727 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 227 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5% - ға аз (226 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктің жобаларын басқару бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 80% - ға артық (5 мемлекеттік қызмет).